Дюма – әке Александр. Үш ноян

"Үш ноян" - Александр Дюма-әкенің 1844 жылы жазған романы. Кітапта ноян атану үшін үй-жайын тастап шыққан кедей гаскондық д'Артаньян мен оның достары үш ноян - Атос, Портос және Арамистің бастан кешкен шытырман оқиғалары баяндалады. Олар Франция патшайымын қорғау үшін кардинал Ришельемен және жымысқы миледимен күреске шығады. Кітапта берілген оқиғалар жас оқырмандарды қызықтыратындай тартымды баяндалған.