Ғажайып түс

Руф Сандерсонның тағы бір тамаша кітабы Сіздерге жол тартты!
«Күндердің бір күнінде Анна есімді тоқымашы ғажайып түс көреді. Түсіне енген ертегідей ғажап мекенді жібек жіптермен зерлеп, оны кілемге түсіре бастайды… Кілем де тоқылып бітеді. Анасы кілемді үш ұлымен тамашалап тұрған сәтте, қатты жел соғып, оны белгісіз жаққа ұшырып әкетеді. Өзінің мықтылығымен танылған үлкен ұлы Леон, ортаншы ұлы – зерек Блейн кілемді аналарына қайтарып әкелуге уәде береді.

Алайда Леонның күші де, Блейннің асқан ақылдылығы да Хрусталь тауда жасырынған кілемді табуға жеткіліксіз еді. Олар кері оралмаған соң үйдің кенжесі Перрен жолға шығады…»

Перренді бұл жолда не күтіп тұр? Ол Хрусталь таудың шыңына жете ала ма? Шытырман оқиғаларға толы ертегінің немен аяқталарын кітап оқығаннан кейін білетін боласыздар.