Б. Төлепбергенов Төрт түліктің төресі

Бұл кітап, ең алдымен, көпшілік оқырманға арналған танымдық – этнографиялық еңбек. Еңбекте автордың басты көздеген мақсаты – қазақтың кешелі – бүгінді мәдениетіне арқау болған – жылқы жануары және оны жабайылықтан алғаш қолға үйреткен қазақтың ежелгі ата – бабалары дегенді айту. Соған байланысты Ботай заманынан бастталып, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жылқымен тығыз байланысты туған қазақтың өмір – салты, әдет – ғұрпы дәйек ретінде еңбекке негіз болған.

Сонымен қатар кітапта қазақтың басты (бренд) тамағы жылқы етін асу, жасау, қонаққа ұсыну дәстүрлері бүге – шүгесіне дейін баяндалған. Жылқы түлігін өсірушілерге де айрықша пайдасы тиері анық.