Кәрі аюлар ағашқа өрмелей алмайды

Бұл ертегіде Қонжық алыстағы ата-әжесіне қонаққа барады. Алғашында олардың қасында қалғысы келмейді. Алайда Қонжық бекер уайымдапты. Атасы мен әжесі дүниедегі ең мейірімді, ең білгір аюлар екен. Әжесі оның алдына дәмді-тәттілерді қойса, атасы омартаны ағаш басынан қалай алу, балықты қалай аулау керектігін үйретеді. Кәрі аюлар ағашқа өрмелей алмайды деп ойлаған Қонжық атасының ептілігін көріп таңғалады. Ол анасына тағы да ата-әжесінің үйіне қонаққа келгісі келетінін айтады.

Ертегінің соңында балалардан олардың ата-әжесі, олармен қарым-қатынасы, бірге өткізген қызықты сәттері туралы сұралады. Бұл – өнегелі, тәрбиелік мәні зор ертегі.