Метербаева К. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Оқу құралында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тиімді әдіс – тәсілдері, жолдары көрсетілді. Болашақ тәрбиеші – педагогтердің ғылыми – теориялық тұрғыдан дайындығы және оны тәжірибеде ұштастырудың жолдары белгіленді.
Ұсынылып отырған оқу құралы педагогика университеттерінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығының студенттері мен магистранттарына және педагогикалық колледж мұғалімдері мен оқушыларына, сондай – ақ мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған.