Несбит Эдит. Теміржол бойының балалары
Кітапта әкелері беймәлім жағдайда жоғалып кеткен Роберта, Питер және Филлистің Лондондағы сән – салтанаты келіскен үйлерінен қыстақтағы шағын үйге көшіп баруға мәжбүр болғандығы, онда бастан өткізген қызықты оқиғалары баяндалады. Балалар енді барлық бос уақыттарын теміржол бойында өткізіп, әр түрлі адамдармен танысады. Олар пойызды апаттан сақтап қалады, жаралы баланы құтқарады және көршілеріне көмектеседі. Кітап мазмұны жас оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерге баулитыны сөзсіз.