Верн Жюль. Жер кіндігіне саяхат
"Жер кіндігіне саяхат" - француз жазушысы Жюль Верннің алғаш рет 1864 жылы жарық көрген ғылыми-фантастикалық романы. Ол профессор Лиденброктың жиені Аксельмен және жалдамалы жол бастаушы Ганспен бірге Жер кіндігіне аттанған ұзақ та қауіпті саяхаты туралы баяндайды. Олар жер астында өздерін қызықты әрі жұмбаққа толы шытырман оқиғалар күтіп тұрғанынан хабарсыз еді. Мұның бәрі кітапта тартымды баяндалғандықтан, жас оқырманды қызықтыратыны сөзсіз.