Сарыарқа кітапханасы

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың таныстырылымы былтырғы жылы Қарағандыда өткен болатын.  Сол сериялы кітаптарға біздің де қолымыз жетіп, оқырмандар назарына ұсынылуа. Соңғы жылдары  республикамыздың жеке аймақтарында «Баянауыл кітапханасы», «Сарыарқа кітапханасы», «Алтай – Ертіс кітапханасы» сынды жеке атаулы сериялармен республика көлемінде танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері. 

Көптомдық кітаптардың бұл сериядағы мақсаты – қазақ жазушылары мен ақындарының шығармашылығын жүйелеу, таңдамалы шығармаларын өскелең ұрпаққа мұра қылу, ұлттық әдеби – мәдени жәдігерлерді сақтау, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау. Бұл кітаптар «Фалиант» баспасының өзара келісімімен танымал ғалымдарынан сөз шеберлерінен құралған. 100 томдық еңбекте 352 автордың еңбегі жинақталған. Әр томның тиражы – 800 дана, барлығы 80 мың дана. Бұл жинаққа Бұқар жырау, Қаздауысты Қазбектен бастап, Мәди-Бәпиұлы мен Қасым Аманжолов сынды 20-ғасыр классиктерінің, сондай-ақ қазіргі заман ақын-жазушыларының еңбектері енген. 

Қаздауысты Қазбек би мен Бұқар жырау мұрасы энциклопедия нұсқасында жарық көрсе, арқаның ақын – жырауларының мұрасы жеке топтастырылып, айтыс ақындарының мұрасы бөлек жүйеленген. Серияның «Жаңа дәуір әдебиеті» айдарына үш арыс Әлихан Бөкейханов, Ақбайдың Жақыбы, Әлімхан Ермеков мұралары жинақталған. 

Құрметті оқырман! «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық еңбекпен танысып, алып оқимын десеңіздер қалалық кітапханамыздың қорынан алуға мүмкіндіктеріңіз бар. 

Келіңіздер, көріңіздер, оқыңыздар. 

20161021_094142-1 20161021_094200-1 20161021_094437-1

Сейдімбек А.

Шығармалары. –Астана: Фолиант,2013

Т.2. Повестер,эпостың баяны және әңгімелері – 384 бет

 

Бұлқышев Б.

Заман біздікі: роман, әңгіме – мақалалар және өлең – поэмалар.- Астана: Фолиант, 2014. – 312 б.

 

Мұстафин Ғ.

Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2013

Т.3. Дауылдан кейін: роман – 480 б.

Сейдімбек А.

Шығармалары. –Астана; Фолиант 2013

 

Мұстафин Ғ.

Шығармалары. – Астана: Фолиант,2013

Т.2. Қарағанды: роман – 432 б.

 

Аманжолов Б., Игенберлин Е., Оразаев С.

Шығармалары: өлеңдер – Астана: Фолиант , 2014 – 352 б.

 

Жұмаділдин А.

Шығармалары. Роман – эссе және хикаят.

 

Мұстафин Ғ.

Шығармалары.- Астана: Фолиант, 2013

Т.1. Романдар. – 488 б.

Арна

Арна. Ұжымдық жинақ. Астана: Фолиант,2014-336 б,

 

Әлтай А.

Алдаспан; өлеңдер мен айтыстар- Астана; Фолиант,2014- 408 б.