25 жылдыққа – 25 күн

Желтоқсанда үзілген жауқазын

2016 жылдың  4ші  желтоқсанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына  арналған «Желтоқсанда үзілген  жауқазын»  атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға  №2 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.      Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден өткендерін жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Патриоттық сезім қалыптастыру

Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

2016 жылдың 8 желтоқсанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде №1  орта мектебінің 6 ә сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25  жылға 25 күн» акциясы аясында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Балалар өзерінің Тәуелсіздікке арнаған өлең шумақтарын,өлеңдерін айтты.Отан,туған жер,Қазақстан тарихы туралы сұрақтар қойылды.Мақсаты: Оқушылырды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа , туған жеріне, атамекеніне деген  сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сүюге үйрену. Оқушылырды патриоттық рухта тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздік айғағы

2016 жылдың  3 желтоқсанда «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  оқу бөлімінде «Желтоқсан  оқиғасы-Тәуелсіздік айғағы»  атты тарихи сағат өтті. Іс-шараның мақсаты:  Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Тәуелсіздіктің жұлдызды 25 жылы

11 желтоқсан күні қалалық кітапханамызда «Тәуелсіздіктің жұлдызды 25 жылы»  атты тақырыпта презентация өтті.

Мақсаты: Болашақ жастарды мемлекетіміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру, отанын құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімін арттыру. 

Ескерткіштер – ел тарихы

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2016 жылдың 29 қараша күні   Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына «Ескерткіштер – ел тарихы» тақырыбы аясында мәдени – мұрамызға арналған библиографиялық шолу өтті. 

Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың

02  желтоқсан күні қалалық кітапханада  Тәуелсіздік мерекесіне орай    «Тәуелсіздік  -  бастауы  бар бақыттың» атты жаңа кітаптарға  шолу өтті.

Мақсаты:  Жас ұрпақты отанын сүюге, құрметтеуге, халқының   тарихын білуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру және  мәлімет беру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. 

Тәуелсіз елім- тірегім, самғауыңды тіледім

2016 жылдың  29 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде «Тәуелсіз елім- тірегім, самғауыңды тіледім» атты әдеби- музыкалық кеш өтті. 

Тәуелсіз Қазақстан- байтақ елім

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекуеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Тәуелсіз Қазақстан- байтақ елім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Болашақ бүгіннен басталады

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде желтоқсан айының  06  жұлдызында  «Болашақ бүгіннен басталады»  атты мақал – мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.  Сайысқа 5 сынып оқушылары қатысты.

Жас ақындар жырлайды

2016 жылдың 9 желтоқсанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған «Жас ақындар жырлайды» атты жаңа кітаптарға шолу жасалынып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Мақсаты: оқырмандарға жас ақындардың Тәуелсіздікке арналған кітаптарын насихаттау