Болашақ бүгіннен басталады

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде желтоқсан айының  06  жұлдызында  «Болашақ бүгіннен басталады»  атты мақал – мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.  Сайысқа 5 сынып оқушылары қатысты.

           Мақсаты :  оқырмандарды «сөз мәйегі - мақал» дегендей ата – бабамыздан  қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,  ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге,  салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде  сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту. Мақалдап – мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету.

       Сайысымыз 4 кезеңнен құралды және қатысқан оқушылар екі топқа бөлінді . Кешімізде әділ бағасын беретін әділ – қазылар алқасы  баға беріп, нәтижесінде  жеңімпаздар анықталып марапатқа ие болды.

Қатысқандар саны: 20 оқушы , 3 жаңадан жазылды.  

обащение 13 141