Ескерткіштер – ел тарихы
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 29 қараша күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына «Ескерткіштер – ел тарихы» тақырыбы аясында мәдени – мұрамызға арналған библиографиялық шолу өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштерімізді, мәдени мұраларымызды қастерлеп көздің қарашығындай сақтауға құрметтеуге шақыру, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету.
Ескерткіштер қашанда ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінінің куәсі, маңызды құралы және тарихымыздың терең тамыры. Олай болса, оларды мәдени мұра ретінде сақтау, насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы