18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің ұжымы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылады.
Кітапхана директоры П.С.Кенжебекова бағдарламалық мақаланың барлық бөлімдеріне тоқталып, кітапханашыларды мақаламен таныстырып өтті.
Президентіміздің атап өткен басты қағидасы – Қазақстан мәдениетін әлемге таныту. 2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы-Тәуелсіздік жылдарындағы табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы ,сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. «Жаныңда жүр жақсы адам», шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Елбасы жастарға мәдениетті, бостандық сүйгіш, адал азамат болуға шақырады. Сондықтан үлкендер бұрынғы салт-сананы іріктеп, жаңа заманға лайықты келтіруі керек.
Сондай-ақ кітапханашылар Исманбетова А, Жалдикараева А мақала туралы өз ойларын ортаға салды. Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға шақырды.
Ендігі мақсат айқын – Қазақстанның 30 бәсекелі мемлекеттердің қатарына енуіне бар күшті салуымыз керек. Мақаланың басқа да өзекті тақырыптары жұртшылық назарына ұсынылып,кітапхана қызметкерлері мақаланы бірауыздан қолдайтынын жеткізді.