2017 жылдың 25-шілде күні

 

 

 

2017 жылдың 25-шілде күні«Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері, тәрбиешілерімен бірге қалалық кітапханаға экскурсияға келді. Кітапханашылар экскурсия  барысында балауса балғындарды балалар бөлімінің  кітапханашысы 3-4 жас аралығындағы «Күншуақ», «Балдырған» тобының өрендерін жаңа кітаптармен таныстырып, «Шебер қолдар» үйірмесінің қолөнершілері әзірлеген түрлі бұйымдарға көзайым болып, тамсанып қайтты. Кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар: ертегі, әңгіме, ашылмалы, және даналық әліппесі (инновациялық сөйлейтін қалам) кітаптарымен  кеңінен таныстырылды. Кітапхана тәртібі, ішкі жұмысы, өткізілетін іс-шаралар жайында мағлұматтар алды. Кітапханадағы ұлттық үлгідегі нақыштарымызды тамашалап, өз өнерлерін де ортаға салды. Сондай-ақ, балалар бөлімінде ұйымдастырылған «Гүлдене бер, жас қалам – Приозерск» атты көрмеден қала тарихы жайында мәліметтер алып, апайларымен бірге ән шырқап, өрендер жайдары көңіл-күймен тарқасты.

     Келуші  ұл-қыздар арасында ата-аналарымен бірге келіп жүрген оқырман балалар да бар.

     Келгені: 18, жазылғаны: 3.

23