Тәңір сыйы-Тәуелсіздік

 2016жылдың  23ші қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған 25 жылдыққа-25 күн» акциясы аясында «Тәңір сыйы-Тәуелсіздік» атты «Жас толқын» жас ақындардың  қатысуымен жыр кеші өтті.

Мақсаты: Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру,Отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру,сөз өнерін қадірлеу ,ақындар шығармашылығымен таныстыру,ақынжандылыққа тәрбиелеу.Білім алушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру,поэзияның құдіретін сезіндіру. 

     IMG_3402 Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 

      Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.