Абай – дана, Абай – дара

Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Үстіміздегі жылы халқымыздың дара ақыны, ғұлама ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланып жатқаны баршаңызға мәлім.

Осы орайда «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты Абай оқулары сайысы болып өтті.  «Өлең сөздің патшасы» , «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»,  «Абайдың қара сөздері»  атты үш кезеңнен тұратын сайысымызға алты үміткер қатысты.

Шараның мақсаты шығармашылық  қабілеттерін, эстетикалық  талғамдарын , тұлғалық  сезім  мәдениетін  дамыту, Абай  поэзиясына,  ұлы  ойшылдың  мұрасына  деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру,  Абай  шығармаларын  насихаттау.

Байқауға қатысатын үміткерлердің жас ерекшеліктері, шығарманы жатқа оқу, орындау уақыты шектелмеді.

Әділқазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, ән орындау қабілетіне, сахна мәдениетіне баса назар аударды.

      «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Джанбаева Гүлсая, «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» номинациясы бойынша Азнабаева Айкерім, «Абайдың қара сөздері»  номинациясы бойынша Ермекбай Мейрамбек бірінші орындарды иеленді. Басқа да қатысушыларымызға «Дабылды жырдың дауылпазы», «Көңілім әнді ұғады» т.б номинацялар бойынша мақтау қағаздары тапсырылды.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан  біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»деген екен. 

Олай болса Абай атамыздың  асыл сөздері келешек заманымызда да гауhардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері анық.

IMG_0135 IMG_0158 IMG_0161