«Абай-дана, Абай – дара қазақта»
2020 жылдың 5 ақпан күні балалар кітапханасында данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған « Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты мәнерлеп оқу кеші өтті. Іс-шараға №1 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай даналығы жаңа ғасырда жаңарып түлеп, өркениетті мемлекет құрып жатқан қазақ халқының дамуына өлшеусіз зор ықпал жасауда.
Іс-шара барысында кітапханашы Ф.Келешова ең алдымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай Құнанбаев және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын тілге тиек ете отырып ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Оқушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Шара барысында «Абай Құнанбаев- ұлы ақын» атты бейнероликтер мен презентация көрсетіліп, ақпарат ауқымы толықтырып берілді. Оқушылар ақынның шығармашылығы мен өміріне байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді. «Абай – қазақтың бас ақыны» атты кітап көрмесімен танысып, «Көзімнің қарасы» өлеңін хормен айтты.