Ғаббас Қабышұлының туғанына 80 жыл

«Приозерск  қалалық  кітапханасы» КММ-нің оқу бөлімінде  қазақ әдебиетінің қалаулы қаламгері, Қазақстанның құрметті журналисі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлының  80 жасқа толуына орай  «Сатира сарбазы » атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Көңіл шіркін шолып шықты»  атты презентация көрсетілді.

Мақсаты:   Ғаббас Қабышұлының  өмірімен таныстыру; сатирик-жазушы  шығармаларын насихаттау.

Қазақ әдебиетініңбарлық жанрлары сияқты сатира жанрының да өз шырқау биігі, қалам тартқан сарбаздары бар. Сол сатира сарбаздарының бірі Ғ.Қабышұлы.Сатира жанрын ілгері дамытып оны мүмкіндігінше жандандырудағы еңбегі зор. Сатира жанрындағы сықақ  - әңгімелері   қоғамға елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарының,  жалпы көпшіліктің сүйіп оқыр туындыларына айналды. Халыққа рухани азық болатын, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелейтін шығармалар жетерлік.               

Қазіргі қазақ әдебиетінде әзіл - сықақ  әңгімелер  негізін қалаған  көрнекті  қаламгер  жайында  зерделі көңілмен   жан - жақты баяндалуда.  Ұйымдастырылған   іс-шараға жастар, зейнеткерлер қатысты.

 Ғ. Қабышұлының шығармалары оқырмандарға ұсынылды.

Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің                                         кітапханашысы:    Есенбаева Г.Г

image002 image003