Абылай ханның арманы
Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары - Күнімжан», «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасаған аудармалары, Ғалым Жайлыбай , Маралтай Райымбекұлы тәрізді айтулы ақындар жөніндегі әдеби мақалалары мен Моңғолия және Ресейдегі қандас ағайындар өмірінен сыр шертетін жолсапар жазбалары айтар ойының айшықтығымен, теңіздей телегей мән-мазмұнымен, ішіне бүккен құпия-сырамен hәм самалдай ескен жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Аталмыш шығармалар оқырман қауымның таным-түсінігі мен ой-өрісін өсіріп, көңіл көкжиегін кеңейте түсері анық.