Қала күні

Балқаш көлдің жағасында Қоржынтүбекте орналасқан Приозерск қаласына биыл 59 жыл толып отыр. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу тоғыз жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылған еді.

Шілде айының соңғы күні дәстүрлі түрде қала күні болын аталып өтілетіні баршаңызға аян. Бұл мерекеден қалалық кітапханада қалыс қалмады.

Осыған байланысты 29-шілде  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Менің қалам-Мен үшін»  атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: Приозерск қаласы  туралы  мәлімет беру;
Отанға,  туған  жерге  деген сүйіспеншілігін  арттыру,  өз елін, отанын  сүйетін патриот  болуға  шақыру.  

Бүл іс-шараға Приозерск қаласының «Жасыл ел» бағдарламасының жастары белсене қатысып, өз ойларын білдірді. Оқырмандар «Қаламыздың болашағын қалай елестетесіздер?» - деген сұраққа қаламыздың болашағын көз алдарына  жарқын елестете отырып, ой  - пікірлерін жеткізді. 

Келген қонақтарға Приозерск қаласы туралы шағын фильм көрсетіліп, қаламызға байланысты бірнеше сұрақтар қойылды.

Дөңгелек үстел соңында қаламыздың белгілі ақыны, қала тарихына өзіндік із қалдырып келе жатқан Нұрғали Қарабектегінің «Қалаға арнауы» оқылды.

Қазірде қаланың жағдайы күннен күнге дамып, өркендеп келе жатқаны баршаңызға аян.

 

Әдіскер И.А Курманбаева

IMG_9888 IMG_9937 IMG_9939 IMG_9940