Алтын діңгек
Жолболсын Шайқақов
Алтын діңгек
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» деп аталатын кітабында: «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деп жазғаны бар. Сайып келгенде, халқының қадіріне жеткен ғана осылай дейді. Елбасымыздың өмір жолына тереңірек үңіліп, барынша зерделеген оқырман оның бойындағы асыл қасиеттер, ең алдымен, әке қанымен, ана сүтімен, олардың өмір өнегесінен дарығанына көз жеткізеді. Әкесін асқар тау, анасын мөлдір бұлақ тұтпайтын перзентболмайды. Мейлінше қарапайым, барынша кісілігі мол жандардың саясында өскен құрақ бүгін алып бәйтерекке айналса, Қазақстан сияқты іргелі елдің көшін бастаған ұлы тұлғаға айналса, ол да асыл әке Әбіштің, аяулы ана Әлжанның жемісі. Ендігі әңгіме де осы кісілердің өмірі туралы.