Арқаның алтын сандығы
2015 жылдың 02 қазан күні алғаш рет «Приозерск қалалық кітапханасында» алтын әріптермен жазылып қалатын Ұлт руханиятының жанашыры , туған өлкеміздің аса қадірлі ақыл-ойшысы, белгілі этнограф-ғалым, публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбековке арналған «Арқаның алтын сандығы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті.
Бұл байқаудың мақсаты: Жазушы – ғалымның өмірі мен шығармашылығы , артына қалдырған еңбектерін насихаттау.
Байқауға № 1 қазақ орта мектебінен 5 үміткерлері қатысты. Байқау болғаннан кейін оның сарапшыларыда болды. Әділқазылар алқасының төрағасы – Қарабектегі Нұрғали қаламыздың ақыны, әділқазылар алқасының мүшелері – «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің кітапханашысы Құрманбекова Кенжегүл Тұяққызы және Ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Илькибаева Фариза болды. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Жазушының шығармашылық өмірінен сыр шер¬тетін презентация мен «Аққыз»атты кітабының бір кітап көр¬месі ұйымдастырылып келген оқырмандарға ұсынылды . 5 үміткердің ішінен топ жарып шыққан ең жүйрігі Батыл Бүлдіршін, Ағлен Жұлдыз, Тастамбекова Балнұр бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалған 2 үміткерлерде құр қол қайтпай алғыс хаттармен марапатталды.
Азаматтығы биік тұлғаның оқушылар өзіндік ой-пікірлерін еркін жеткізіп шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Ақселеу Сейдімбек нағыз елдің патриоты, ұлт мақтанышы әрі жанашыры, халқымыздың ірі тұлғасы болып тарихтың бетінде, ұрпақ жүрегінде мәңгі қала бермек.