Ардагер аналарымызға құрмет
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «70 жылдыққа – 70 күн!» акциясына жоспар құрылған, сол жоспарға сай 5 наурыз күні сағ.11.00-де ардагер аналарымыздың қатысуымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Айбынды аналар» атты мерекелік кеш ұйымдастырылған болатын.
Кештің мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, бойларына ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ардагер аналарымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Биылғы жылдың ерекше мерейтойлардың жылы екенін естеріне сала отырып, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына баса назар аударып, ардагер әжелерімізді құрметтеуге баулу.
Мерекелік кешке ардагер әжелеріміз қатысты. Олар: Мадеко Мария Гавриловна, Филипова Людмила Алексеевна апаларымыз. Кеш екі тілде жүргізілді.
Кеште тек аналар жайлы әндер шырқалды. Балалар кітапханасының оқырмандары ата-аналарымен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Оқырмандар арасында «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері де қалыс қалмай аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.
Кеш соңында келген құрметті қонақтарымыз өздерінің ақ тілектерін білдіріп, оларға кітапхана ұжымының атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Балалар кітапханасының кітапханашысы:
К.Курманбекова