Ғарыш кемесінің қаһармандары

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 12 сәуірде Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне орай  «Ғарыш кемесінің қаһармандары» деп аталатын  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 4 – 5 сынып оқырмандары  қатысты.  Басты мақсатымыз -  ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Қазақстан еліндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне, орай қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

             Кітап көрмесіне ғарыш тарихы және жершары кеңістігін игеру жайлы ысша-қазақша әдебиеттер қойылды.  Көрмеге қойылған әдебиеттерден ғарышкерлер өмірін, олардың күнделікті еңбектері мен ерліктері, ғарыш техникасының дамуы тағы басқа қызықты оқиғалар туралы білуге болады. Сонымен қоса тақырыптық жинақ папкасы да оқырман назарына ұсынылды. 

Көрмеге қатысқан оқырман саны 22 оқушы 

обащение 13 048 обащение 13 049 обащение 13 053 обащение 13 058 обащение 13 066