Айбары асқақ-Ата заң

2016 жылдың 24 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Ата заңымыздың 21 жылдығына орай «Айбары асқақ-Ата заң» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты:  Қазақстан  Республикасының  Ата заңы   туралы  толық  мағлұмат бере  отырып, оны мақтан  тұтуға, құрметтеуге баулу.  Ата заңның біздің төлқұжатымыз  екендігін  насихаттау, патриоттық  сезімдерін ояту.

Өткізіліп отырған іс-шара барысында конституция жайында слайд көрсетіліп, «Жас толқын» клубының мүшесі, жас ақынымыз Кушалиев  Әділет «Конституцияға арнау» атты өзінің шығарған өлеңін оқыды. Іс - шара соңында «Азат елдің ар- намысы- Ата заң» атты кітап көрмесі таныстырылды.   

IMG_1428