Ақын -Олжас Сүлейменов
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 18 мамырында орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық меректойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Басты шығармаларымен таныстыру, шығармаларын оқырмандарға ұсыну арқылы туған әдебиетімізді, ұлы жазушы еңбегін жастарға насихаттау және де көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрмеге 7 – 8 сынып оқырмандары қатысты.
18.5.1936 Алматы қаласында дүниеге келді. Ақын, қоғам қайраткері.
ҚазГУ-ді (1959) бітірген. 1962-71 жылдары «Казахстанская правда» газетінің қызметкері, «Қазақфильм» киностудиясының сценарий-рсдакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі.
1971-81 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1981-83 жылдан Қазақ ССР Киномотографистер жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы, КСРО Жазушылар одағының хатшысы (1984).
1972 жылдан Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің, 1989 жылдан «Семей-Невада» қозғалысының төрағасы.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Ақынның «Нұрлы түндер» (1962), «Қызықты түн» (1963), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Таңдамалы лирика» (1969), «Қыш кітабы» (1969), «Ақ дария аспанында» (1970, өлеңдер мен проза), «Талма түсте тағы да бір қайталап» (1973), «Жұмыр жұлдыз» (1975), «Кемер» (1976, 1979), «Әр күн - арайлы таң» (1986), «Асқардан асу» (1987), «АЗиЯ» (1975), «1001 сөз» (2001) атты кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар, ол Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосты.
Көрмеге кітапханамыздың кітап қорынан Алматы қаласы «Жазушы » (1967 ж) баспасынан шығарылған «Год обеззьяны» , (1973 ж) «Повторяя в полдень», (1969 ж) «Писатели Казахтана», (1975 ж) «АЗиЯ» сынды кітаптары оқырман назарына ұсынылып насихатталды. Көрмеге қатысқан оқушылар саны 19 бала.