«Қайсар қалам қуаты»

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2017 жылдың 4 сәуірде қазақ әдебиеттану ғылымының тау тұлғаларының бірі, түрколог - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Немат Келімбетовтің шығармашылығына арналған «Қайсар қалам қуаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге 5 – 9 сынып оқушылары қатысты.

Елімізде қаламгердің есімі көпшілік оқырман қауымға әлем классиктерінің  үздік шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде жақсы мәлім. Ғалымның "Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы", "Қазақ әдебиеті бастаулары", "Көркемдік дәстүр жалғастығы", "Ежелгі дәуір әдебиеті", "Ежелгі әдеби жәдігерліктер" және тағы да басқа іргелі зерттеулері жарық көрген. Ғалымның бұл бағыттағы ізденістері оны Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты атандырды, оның осы тақырыптағы кітаптары бірнеше шетел тілдеріне аударылды.

Кітап көрмесінде кітапхананың кітап қорында бар 2005 жылы Алматы  «Раритет» баспасынан басылған «Үміт үзгім келмейді», 2009 жыл «Атамұра» баспасы «Күншілдік», 2003 жыл «Жазушы» баспасы «Река Жизни», «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» атты еңбектері және қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар да оқырман  назарына ұсынылды.