Қазақ өнерінің антологиясы

Құрастырған: М. Жолдасбеков, Р. Әлмұханова

               Айтыс - импровизациялық өнердің ең биік шыңы, бағзы замандардан бері жалғасып келе жатқан асыл мұра. Оның Қазақ руханиятындағы, ұлт мәдениетіндегі алатын орны өте зор. Ұсынылып отырған "Айтыс" көп томдығына кеңестік кезеңге дейінгі айтыстан басталып қазіргі Тәуелсіздік айтыстары да енгізілді .
Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.