Қазақтың этнографиялық категориялар,ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
Авторлары: Нұрсан Әлімбай, Нұргелді Уәли,Досымбек Қатран
Энциклопедия қазақы (көшпелі) ортадағы қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы сансалалы қатынастардың субьектілерін, объектілерін, сондай-ақ, осы қатынастардың жүзеге асырылу жолдары мен механизмін(ілкімді принциптері мен нормаларын) бейнелейтін этнографиялық категориялар,ұғымдар мен атауларды қамтиды. Тиістісінше олардың этнографиялық мән-мағынасы сипатталады. Энциклопедия ғалымдарға, жоғарғы және арнайы орта білім саласының мамандарына, қалың көпшілікке арналып отыр.