Балақай

2017 жылдың 11 тамыз күні «Балақай» балабақшасының балғындарын кітапхана ұжымы ыстық ықыласпен қарсы алды. Тұңғыш рет қонақта болған балабақша  бүлдіршіндеріне кітап әлемінің орталығы ерекше әсер қалдырды. Кішкентай балақайлар кітапхананың барлық бөлімдерін қызығушылықпен аралап тамашалап шықты. Әсіресе, оларды, ұлттық нақышпен безендірілген «Атамұра» орталығы мен «Шебер қолдар» үйірмесінің бұйымдары   қызықтырды.

     Кітапханашы кітапхана жұмысының ерекшеліктерімен таныстырып,  кітапханада өзін ұстау тәртібінің ережелері туралы,  кітаптарға ұқыптылықпен қарау жөнінде кеңес берді. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, әуенді кітапшалар, ашылмалы кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және басқаларымен таныстырды. Ең бастысы, мазмұны бойынша – ертегілер, жұмбақтар, әңгімелер және тағы да басқаларын өлең және қара сөзбен айтып өтті. Балақайлық балалар кітапханашыны зейін қойып тыңдады.

     Оқу залында  мектеп жасына дейінгі балалар үшін әртүрлі тақырыпта кітап көрмелері әзірленген болатын. Балаларға өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, парақтауға және ол кітап туралы ой бөлісуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, балалар кітапханашы апайларына кітапхана  жайында сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Балалар бөлімінде көркемделген «Табиғатты аялайық», «Мәдениет - халық болашағы», «Тіл - ұлттың жаны», «Қазақстан – достықтың мекені», «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі», т.б көрмелерді тамашалап қайтты.

31  32 33 34