Бауыры ұлытаудың қандай ғажап

Бекхожин Қалижан

Бауыры ұлытаудың қандай ғажап

Өлеңдер, аңыз-дастандар, зерттеу мақалалар, поэмалар, пьесалар

Өткен жылы еліміз Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын атап өтті. Осы айтулы оқиға ауқымындағы іс-шаралар шеңберінде жарық көріп отырған бұл кітапқа Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, аса көрнекті ақын Қалижан Бекхожиннің тарихи тақырыпта жазылған туындылары енгізіліп отыр. 

Ақын кешегі әміршіл-әкімшіл, қасаң коммунистік идеология кезеңінде де қазақтың тәуелсіздігін аңсап, шежірелі тарихымыздың қойнауына терең үңіліп, ел бастаған хандар мен қол бастаған батырларымыздың ерен істерін өз шығармаларына арқау еткен.