7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

2016 жылдың 7-мамыр  «Приозерск  қалалық  кітапханасы» КММ-ның оқу залында  және оқырмандарға қызмет ету бөлімінде Отан қорғаушылар күніне  арналған «Жолың болсын, жас ұлан», «Айбынды азаматтар»  атты сурет көрмелері  ұйымдастырылды. 

Мақсаты: Оқырмандарға  ұлттық құндылықтар мен адамгершілік-ізгілік тәрбиесін бере отырып,жас ұрпақты өз Отаны – Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, білімді сапалы меңгеруіне насихаттау. Жастар, жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгіннен бастау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, Жас Ұландықтар бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда көптеген іс-шаралар жолға қойылып жатыр. Жалпы патриоттық сезім азаматтардың бойында берік болса, мемлекеттің де еңсесі биік, қабырғасы қатты болады. Өйткені Отанын сүйетін адам елі үшін, жері үшін аянбай еңбек етеді, халқына жақсылық жасайды. Елдің тізгіні тәрбиенің күшімен шыңдалған нағыз патриоттардың, қынаптан суырған алмас қылыштай жарқ еткен жастардың  күш-жігерінде екені даусыз. 

20160505_155631 20160505_155711