Білім көзі кітапта
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 14 сәуірі, яғни апталықтың төртінші күнінде «Білім көзі кітапта» атты 4 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз - оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету, оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету, білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу, оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Сайысымыз төрт кезеңді құрады . Оқушыларымыз «Тапқырлар» тобы және «Білгірлер » тобы болып екі топқа бөлініп өз білімдерін паш етті. Екі топты бағалау үшін әділқазылар сайланған болатын.1 кезеңде әр топ ұрандарымен таныстырып, «Кітапхана – кітап үйі» жайлы екі топқа сұрақтар қойылды. Бұл сайыста екі топта белсенділік танытты.
2 кезең. Үй тапсырмасы кезеңі кітапты ұқыпты ұстауға бағытталған көріністермен ерекшеленді.
3 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбына жазылған шығарма,яғни топтық жұмыс. Екі топқа таза парақ берілді. Бірінші бала бір сөйлем жазып бастайды, сосын келесі бала екінші сөйлемді жазады. Барлығы бір - бір сөйлемнен жазып шығуы керек. Аяғында байланысқан мәтін шығады. Бұл кезеңде оқырмандардың сөз саптауы, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы, сауаттылығы сынға түскен болатын.
4 кезең. Ертегілерден үзінді оқылып сауалнамалық сұрақтар қойылды.
Соңында әділ қазы мүшелерінің шешемі бойынша «кітапхананың үздік оқырманы» номинациясы бойынша«Тапқырлар » тобы марапатталса «кітапхананың өнерлі оқырмандары » номинациясымен «Білгірлер» тобының мүшелері марапатталды.
Қатысқан оқушылар саны 27 бала.