Біздің көшенің аңыз-әпсаналары

Махфуз Н.

Біздің көшенің аңыз-әпсаналары

Роман

 

«Египеттің Бальзагы» аталған Н.Махфуздың бұл романының оқиғасы, кейіпкерлерінің іс-әрекеті «Біздің көшемізде өтіп жатқанымен, іс жүзінде оның географиялық аумағы кең – Бүкіл Таяу Шығысты, үш монотеистік діннің бесігі болған қасиетті жерлерді қамтиды». Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттегі, Құран мен Сирдегі – Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянындағы аңыз-әпсаналарды жазушы көшенің негізін салған Ғабалауи және оның балалары мен жұрағаттарының тарихын, көше тұрғындарының сан ұрпағының ауыздан-ауызға айтып келе  жатқан оқиғаларына  айналдырып, халықтың хикая-хисса  түрінде баяндайды. 

Ол иудаизмнің, христиандық пен исламның пайда болу тарихын адамзатты бақытты өмірге жеткізуге ұмтылатын әділдікке құштар ұлы адамдардың қимыл-әрекеттерінің нәтижесі ретінде бейнелейді.