Әдебиет жан нұры

Көрнекті жазушы,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Ахмадидің бұл кітабы «Тіл – ділдің атқосшысы», «Поэзия діл нәрі» деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

Көркем шығармада халықтық афоризмге, бейнелі тіркестер мен қазы – билерге тән шешендік үлгіге ден қойған жазушының әдебиет тануы, оның қыр-сырына қызығушылығының өзіндік қалам өрнегін көрсетеді.