Ата –анамен бірге оқы!

Ата – аналар есіне:

      Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманда ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.

       Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Кітап адам баласының ақыл – ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Білімді кітаптан үйренесің. Білімнің қаншалықты қажет екенін, білімсіз еңбек ете алмайтынын бүгінгі күнге шейін адам баласы білуі керек, яғни міндетті болып саналады. Білімді кітаптан үйренген адам жан – жақты, ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектеседі. Кітап - оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады.

      «Кітап – рухани азық» - дейді қазақ халқы. Кітап оқушылардың жан – жақты білімін, ой-өрісін кеңейтеді.

Біз балаларымыздың дені сау болып өсуін, бақытты болуын қалаймыз. Болашақта жақсы "азамат" болып қалыптасып, үлкен табыстарға қол жеткізуін тілейміз. Бұл үшін ең алдымен жас ұрпақ кітап оқуды үйреніп, білімді меңгерулері қажет.

Балалық шақ - баланың кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамытудың ең қолайлы кезеңі.

 

 Ата – аналарға арналған кеңес:

  1. Баламен бірге өлең айтып, ойнап, әңгімелесіңдер.
  2. Күнде кітап оқуға уақыт бөліңіз.
  3. Кітапты байқап таңдаңыз.
  4. Оқуға қажетті заттармен баланың айналасын қоршаңыз.
  5. Мәнерлеп, асықпай және рахаттана кітап оқыңыз.
  6. Бірнеше рет қайталап оқыңыз.
  7. Әр уақытта және барлық жерде кітап оқыңыз.
  8. Балаға кітапты күштеп оқытпаңыз.
  9. Баланың оқығанына қызығушылығыңызды көрсетіңіз.

DSCF0746 DSCF1401 DSCF1642 DSCF1727 DSCF1729 DSCF1792 DSCF1971 DSCF2056 DSCF2095 DSCF2719 DSCF6236 DSCF9402 DSCF9421 DSCF9477 DSCF9494