Оригами

«Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері 1-7 сынып аралығындағы оқушылармен толықты. Жыл басындағы үйірме жұмысы жаңадан жазылған оқушылардың оригами әдісін үйренуден басталды. 

Мақсаты: енді дамып келе жатқан өнер түрлерімен таныстырып, оларды оқушыларға игерту. Қағаздан бұйым жасаудағы шеберлік деңгейін арттыру арқылы, қолөнердің бір түрі «Оригами» өнері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.  

Оқушыларға «Оригами» өнері туралы түсінік бере   отырып, қағаздан түрлі мүсіндер жасау әдістерін, сондай-ақ, қағазды бүктеу, қию, құрастыру әдістерін үйрету.      

Оқушыларды эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге, өнерге баулу. Шығармашылық ой-өрістерін, шеберлік қабілеттерін дамыту.     Әдісі:Топпен жұмыс, қағаздан бұйым жасап көрсету арқылы түсіндіру,  үйрету.     Көрнекілігі: Сызба, қағаз А4 , сызғыш, қарындаш, қайшы      

Оригами өнері - Жапонияда пайда болған. Оригами – қағаздан бүктеп мүлік жасау өнері. Соңғы уақытта тек Жапонияда ғана емес сондай-ақ дүние жүзінің көптеген елдерінде нағыз оригами шеберлері пайда бола бастады. Өнердің осы түріне арналған газеттер, журналдар шығарылып, интернетте сайттар ашылуда.  

Шебер қолдар үйірмесінің бастамашыл ұл-қыздары өз шеберліктерін шыңдауда «Хан талапай» журналы «Шебер қолдар» айдарының пайдалы ақыл-кеңесіне жүгінетінімізді айта отырып сіздерге де кеңес береміз...

20180227_152112 IMG-20180218-WA0014 IMG-20180218-WA0015 IMG-20180218-WA0016