Ура! Поступление новых книг!

Домбыра күйі

Домбыра   күйлері жас сәбиден бастап, жасы егде тартқан қартқа дейін жүрек пернесін тап басып, ойын елітіп, санасын сергітетін құдіретті күшке ие.  Домбыра күйі кітабына қазақ халқының таңдаулы күйлері жинақталды.

Халық аңызы

Халық аңызы кітабы ел аузындағы кең тараған тәлімі мол аңыз –әңгімелерден тұрады. Олар жас ұрпақтың танымын кеңейтіп, талғамын арттыратын оқиғалар желісі мен ерекше құбылыстарға негізделген.  

Халық жыры

Халық жыры кітабы қазақ ауыз әдебиетіндегі жыр-дастандардың ертеден келе жатқан  озық  үлгілерінен жинақталды. Жастардың рухын көтеріп, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға игі ықпал етеді. 

Нақыл сөз

Нақыл сөз кітабына бағзыдан бүгінге дейінгі ақыл – ой   тұжырымдары жүйеленіп енгізілген. 

Бұл кітапқа ақын, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ербол Шаймерденұлының «Қазақ афоризмдері» атты еңбегі топтастырылды.

Қобыз үні

Қобыз бен сыбызғы күйлерінің әуенді сазы, созылып барып сарын болып естілетін қоңыр әуезі адам жанын баурап, сезімді қозғап, ойды оятады. Ізгілікке, жақсылыққа жетелейді.

Қобыз үні кітабы – жас ұрпақтың бойында ұлттық рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, елін, жерін сүюге баулу мақсатында ұсынылып отыр. 

Билер сөзі

Билер сөзі кітабы ақылмен билеу өнерінің – шешендік өнердің  озық үлгілерінен жинақталған.

Кітап баланың ойлау мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, әдеби тілінің  өнегесін көрсетуге, данышпандық мектебінің негізін құруға арналған. 

Аталар сөзі

Аталар сөзі  кітабына ел аузында жүрген өсиетті сөздер – мақал – мәтелдно бірізділік жүйемен тәрбие құралы ретінде топтастырылды. 

Халық әні

Халық әні кітабына халқымыздың дәстүрлі әндер жинағы ретінде енгізілді. Кітаптағы халық әндері орындаушының жеке даусымен жазылды. Сондай-ақ музыкалық сүйемелдеумен жазылған нұсқасы да берілді. Әркім қалауына қарай тыңдауына болады.

Халық ертегісі

Халық ертегісі  кітабы жас жеткіншектің қиялын дамытып, ойын шарықтататын таңғажайып ертегілердің жинағы. Мұнда халық ертегілерінің барлық түрі топтастырылған. 

Бабалар батасы

Бабалар батасы кітабы – адамдарға жақсылықты дәріптей отырып, биік армандарға жетелейтін ақ тілектен құралған бата – тілектер   жинағы, ізгілікке баулитын тәрбие құралы.

Кітапқа бата – тілектер тақырыптық жүйеде енгізілді.