Достық, бірлік, ынтымақ
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара
шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 29 сәуірінде мерекелік кеш ұйымдастырылды. Басты мақсаты - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым қатынасын нығайтуға тәрбиелеу, қазақтың салт - дәстүрін сыйлауға, өнерін түсініп тыңдауға, Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым қатынасты сақтауға тәрбиелеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу.
Кешімізге 6 ұлт өкілдері қатысты, олар: «Түрік» ұлты, «Үнді» ұлты, «Орыс»
ұлты , «Украйн» ұлты, «Өзбек» ұлты , «Қазақ» ұлты. Әр ұлт өздерінің ұлттық тағамдары және киім үлгілерін сонымен қатар өнерлерінде көрсетті. Қазақ халқының бірлігі жарасып, еліміз тыныш болып, бейбіт өмірміз жасай берсін. Қатысқан оқушылар саны 27 бала.