Ел рәміздері- ел рухы

2016 жылдың 4 маусым мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында «Приозерск  қалалық  кітапханасының» оқырмандарға қызмет ету бөлімінің  «Ел рәміздері- ел рухы»  тақырыбы аясында презентация өткізілді, сонымен қоса жыл бойы тұрақты тақырыптық кітап көрмесі құрылып насихатталуда. 

Мақсаты: Оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілер 

рәміздер  жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету және  отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуге шақыру

Біздің  рәміздер тақырыбы аясында өткізілген презентациямызға 15 оқырман келіп қатысты. Өздерінің рәміздер туралы қаншалықты білетіндерін айтып, ойларын ортаға салды. Презентациядан көрсетілген мәліметтермен және рәміздер жайында кітаптармен де танысты. 

20160531_113051 20160531_113123 20160531_154745