Ерболат Әбікенұлы.Желтоқсан ызғары

Ерболат Әбікенұлының кейіпкерлері адам. Адам болғанда да зиялы қауым. Қаузаған тақырыбы «өмір». Өмір болғанда да қаланың қайнаған ортасы. Шығармалары бастан аяқ юморға, сарказмге, иронияға құрылған. Тіпті кейде сатираның елементтерін де көптеп кездестіресің. Удай ащы, көркем де өткір тіл,дәлдікке құрылған сөйлем, лиризм мен сатираның, психология мен натурализмнің ұштасуы бейне жаңалық іспетті.