Ертегілер әлеміне саяхат

 «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 15 сәуірнде, апталықтың соңғы күні  «Ертегілер әлеміне саяхат» деп аталатын сахналық қойылым қойылды. Кешімізге 0 – 5 сынып оқырмандары қатысты.  Басты мақсатымыз - балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға қалыптасытра отыра, танымдылық қабілетін дамыту және балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге жаттықтыру.  

          Балалардың сүйіп оқитын қазақ ертегілерінің бірі   «Бауырсақ» ертегісінен қысқаша  қойылым көрермен назарына ұсынылды. Бұл күні барлық бөлім кітапханашылары түрлі ертегі кейіпкерінің кейпіне еніп, оқырмандарға  көтеріңкі көңіл сыйлады.  Адасып жүріп  ертегі патшалығынан келген өнерлі оқырмандарымыз өз өнерлерін көрсеткеннен кейін ғана оған басты кейіпкеріміз «Кітап» жол нұсқады.  Ал соңында «Кітап», бір апта бойы өзіне мереке сыйлаған барлық оқырмандарға алғысын білдіріп, кітапты жыртпай, ұқыпты ұстауын өтінді.  

Сонымен бірге апта басында ұйымдастырылған  шығармашылық сайыстар мен топтық сайыстардың қорытындысы ретінде марапаттау рәсімі өтті. Ал  белсене қатысқан оқырмандарымыз  әр түрлі номинация бойынша марапатқа ие болды. 

             Жалпы қатысқан оқуышалар саны 35 бала.

обащение 13 148 IMG_4019 IMG_4021 IMG_4024 IMG_4027 IMG_4035