«Есірткі ғасыр тажалы»
2014 жылы 26 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде «Приозерск қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013- 2016 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес «Есірткі ғасыр тажалы» атты көркем шығармалар байқауын өткізген болатын.
Байқаудың мақсаты:
- ұлт саулығы қағидатын дамыту және жастар арасында салауатты өмір үрдісін насихаттау;
- Жас ұрпақты нашақорлық, есірткі бизнесі және т.б зиянды әрекеттерге қарсы күреске үндеу;
- Жеткіншектерді қоғамда болып жатқан жат қылықтардан арашалау;
- Нашақорлықтың зияны туралы молынан мағлұмат беру;
- конкурсты өткізу арқылы қаланың оқу орындарында нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізетін жұмыстарын ынталандыру.
Шығармашылық байқаудың шарттары бойынша байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алды. Аталмыш байқауға қалалық кітапхананың оқырмандары да белсене атсалысқан болатын. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды алдын ала байқаудың ережесімен таныстырып, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар белгіленген талаптарды ескере отырып, ұсынылған тақырып бойынша шығарма жазды. Байқау жеңімпазы естелік сыйлықтармен, мадақтама, алғыс хаттармен марапатталды. Кітапхана атынан қатысқан 10 оқырман да Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған қалалық «Есірткі –ғасыр тажалы» атты көркем шығармалар байқауына белсене қатысқаны үшін грамота, естелік сыйлықтармен марапатталды. Олар , Батыр Бүлдіршін, Қыдырмұрат Әсел, Зауытбек Диана, Молдағалиева Жұлдыз, Джангельді Жандос, Шайхар Нұржан, Казимова Лаура, Сағадинов Төлеген, Сиязбек Амандық, Сиязбек Айсұлу. Біз өз тарапымыздан оқырмандарға шексіз алғысымызды білдіре отырып, сөзімнің соңын кітапханамыздың тұрақты оқырманы Сизбек Амандықтың ойымен ұштастырғым келіп отыр.
Ғасыр дертіне айналған есірткіге жоламай, достарымызды тек жақсы жолға итермелейік! Есірткі дерті жойылсын!