Ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне түркілік сарын
Сәуле Ержанова
Ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне түркілік сарын
«Ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне түркілік сарын» атты бұл кітап халқымыздың әбден көмескі тартқан көне тарихын бүгінгі рухпен сабақтастыруды мақсат ете отырып, ел мен жерді сақтар айбар мен намыстың жоқтаушысына айналған айбынды жырлардың бүгінгі поэзиядағы көрінісіне талдау жүргізеді. Ежелгі дәуір кезеңіндегі жырларды қазіргі поэзияның айқындаушы бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Түркілік сарын арқылы ата-бабамыздың қалдырған мұраларының ерекшеліктері мен олардың әдеби туынды ретіндегі көркемдік қуатын бағамдап алға тартады.