Гүлдене бер, жас қалам – Приозерск
29-шілде күні қала күніне орай «Гүлдене бер, жас қалам – Приозерск» аттыкітап жәнесурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары, балабақша бүлдіршіндері және кітапханамыздың тұрақты да белсенді оқырмандары, ата-аналар тамашалады.
Мақсаты: Приозерск қаласының 61 жылдық тарихымен кеңінен таныстыру. Жастарды, жеткіншектерді елін, жерін сүюге шақырып, халқына деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлтжандылық сезімін ояту.
Көрмені безендіру барысында өлке тарихына байланысты мәліметтер, суреттер, ақын, Журналистер Одағының мүшесі, тілші Н.Қарабековтің кітаптары және балалар салған суреттер қолданылды.