“Киіз үй – Life” жобасы

Биылғы ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі- Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Приозерск қалалық кітапханасы»  КММ  мен «Жас Отан» жастар орталығы бірлесіп  “Киіз үй – life” жобасын ұйымдастырған болатын. Жоба арнайы бағдарламамен жүзеге асты.  Қаламыздағы Абай ескерткішінің жанына  іші- сырты   безендірілген қазақтың киіз үйі тігілді.

Іс-шараға қаладағы барлық білім ошақтары жұмылдырылып, арнайы бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі даярлық сыныбының оқушылары қатысқан болатын.

Екі күнге созылған аталмыш жобаның мақсаты: Қазақ хандығының тарихы туралы мәлімет беру. Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру. Тарихи тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. .  Білікті қолбасшыларымыз бен  айбынды хандарымыздың ерлігін паш ету.  Жас ұрпақты халық ауыз әдебиетімен сусындатып, ерлік жайлы ертегілерді оқуға шақыру.   Балалар мен ересектерге арналған  қазақ және орыс тілдерінде жазылған көркемсуретті туындылармен таныстыру.

IMG_0772 IMG_0788 IMG_0803 IMG_0822 IMG_0873 IMG_0888

Жоба барысында   «Киіз үй -kids»  атты қазақша мультфильмдер топтамасы көрсетілді, сонымен қоса  «Ерте,ерте,ертеде...»  атты  қазақша ертегілер оқылды. Хандар, батырлар  жайлы түсірілген  кинолар көрсетілді.

Ия, көсіліп жатқан кең даламыз шежірелі тарихтың, қазақ халқы басынан кешірген  аумалы-төкпелі оқиғалардың куәгері іспетті. Киелі жердің ұлт тарихын танып, білгісі келетін құрметті оқырман қауым тәуелсіздігіміздің тұғыры шайқалмасын! Қазақ елі жасай берсін!  

 

Балалар кітапханасының кітапханашысы: К.Т.Курманбекова