«Көк сандықтың саяхаты»

2017 жылдың 18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары қаламыздағы «Еркетай»  шағын орталығына барып бүлдіршіндерге «Көк сандықтың саяхаты» атты кітап оқудың дамыту бағдарламасымен таныстырды.
Мақсаты: кітапты насихаттау, өз ойларын айта білугі бағыттау, ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен танысу.

Іс-шараға балабақшаның  4-5 жастағы бүлдіршіндері қатысты.
Іс-шарада басында кітапханашылар «Еркетай» шағын орталығының  бүлдіршіндеріне «Көк сандықтың саяхаты» акциясы туралы мәлімет бере кетті. Көк сандықтың ішіндегі кітаптармен таныстырылды. Кітапханашылар Жалдикараева А,Чернева Г.В бүлдіршіндерге екі тілде көк сандықтағы ертегілерді оқыды.

Сонымен қатар, бүлдіршіндерге «Даналық әліппесі» Инновациялық сөйлейтін қалам нұсқаулығымен және кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Аталған кешен нұсқаулық, он екі кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады. «Даналық әліппесіндегі» даналық әлемі кеңістігін түзетін қайнар көз ретінде ұсынылған халықтық туындылар электрондық дыбыстау құралдары арқылы тыңдалады.

Сонымен қатар, балалар назарын ерекше аударған «Аруна» баспасынан шыққан «Ашылмалы кітапша» атты көркем суретті топтама болды. Топтамаға енген ашылмалы кітапшалардың ерекшелігі- ашылған бетте кең көлемді көріністің пайда болуында, кейіпкерлер қозғалып кітапты ашқанда қимылдайды. Осының бәрі кішкентай балдырғандардың кітапқа деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырып, тілін байытады. Балалар «Көңілді көжек», « Қызыл телпек», «Жасырынбақ», «Әуесқой марғау», «Ұсқынсыз үйрек балапаны» және т.б көздің жауын аларлық көптеген кітаптармен танысты.

« Аруна» баспасынан шыққан «Дауысқа құлақ асайық» атты көркем суретті, музыкалық дыбысты, дауысты кітаптармен де танысты. Олар: «Орман үні», «Аспаптар үні», «Жануарға жақын бол», «Көліктер сөйлейді». «Дауысқа құлақ асайық» топтамасы бойынша жарық көрген кітаптардан балалар қызықты ақпараттар алады. Жануарлар, техника түрлері, аспаптармен танысып, орман үнін тыңдау арқылы бір-бірінен ажыратып үйренеді.

Іс-шара соңында тәрбиешілер мен бүлдіршіндер өз ризашылықтарын айтты.