Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға «Ұлы дала елі» кітабын ұсынамыз.


       Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. Дала халқы өзінде бар ата кәсіптерін, алдыңғы буынның тұрмыстық қолданыс қажетіне деп жасаған дүниелерін көркем-мәдени мұралар құндылығына  дейін жеткізе алған шебер де талантты халық.

       Кітапта Қазақстан Республикасы жайлы мәліметтер (мемлекеттік құрылымы, тарихы, табиғаты, экономикасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, туризмі, көрікті тарихи, табиғи жерлері және ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б.) соңғы мәліметтер бойынша берілген. Алдағы уақытта осы кітапты оқи отырып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, мерекелері мен тағамдардың шығу тарихы мен себептерін біліп қана қоймай, келешек ұрпаққа  аманаттауға бәріміз бірге атсалысамыз деп ойлаймыз.  Басылым  үш тілде жазылып  оқырмандарға ұсынылды.