«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

 

Рисунок1

Приозерск қаласының іргетасы қаланысымен қалалық  кітапхана 1960 жылы ашылды. Ол кезде кітапхана  одақтық әскери бөлімшелердің құзырында болған, кітапхана туралы мәліметтер сақталмаған.

2000 жылдан  бастап  кітапхана директорының қызметіне Кенжебекова Павлина Сиязбекқызы тағайындалды.

 

2007 жылдың 24 желтоқсанынан  бастап  «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесін  құру туралы  қаулы қабылданды.  2008 жылы қаулы қайта қаралып, 8 қаңтарда бекітілді. Кітапхана ғимараты екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта балалар  кітапханасы орналасқан. Бұл кітапхана мектеп жасына дейінгі және  мектеп жасындағы  балаларға қызмет көрсетіп,  жас оқырмандардың  сұранысын  қанағаттандырып  келеді. Ал екінші қабатында ересектер кітапханасы. Кітапхананың негізгі міндеттері: қала тұрғындарының кітапханалық қызметтердегі қажеттілігін қанағаттандыру, кітапхананы пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес келетін кітаптардың қорын сапалы түрде толықтыру.

Кітапханада оқырмандарға қызмет ету бөлімі, оқу залы, әдістемелік-библиографиялық бөлім, кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі, интернет зал жұмыс жасайды.  

Кітапхана жарық пен  жылу жүйесімен де толық  жабдықталған. Бүгінгі күнде кітапхана  материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.