Ұлы даланың жеті қыры

Ұлы даланың жеті қыры

2020 жылғы 11 тамызда әлеуметтік желіде (онлайн режимінде) еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Ұлы даланың жеті қыры" атты бейнеролик ұйымдастырылды Мақсаты; оқырмандарды Ұлы Дала тарихымен таныстыру, ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды қоғамдық санада жаңғырту, өз Отанының тарихын, жеті қырын, ғажайыптары мен мәдениетін білуге үйрету 

Ұлы даланың жеті қыры

2020 жылдың 22 маусымында әлеуметтік желіде (онлайн режимде) Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Ұлы даланың жеті қыры"атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты; өз Отанының тарихын, жеті қырын,ғажайыптары мен мәдениетін білуге үйрету

«Ұлы даланың тарихы»

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  оқу залында  2019 жылдың 11 сәуір күні Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың тарихы»  атты танымдық сағат  ұйымдастырылды.  Іс-шара «№1 жалпы  орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларымен өтті.

Ұлы даланың көне сарындары

2018 жылдың 6 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы даланың көне сарындары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс-шараға кітапхана оқырмандары,мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетін жинақтау, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай,  т.б. дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындалар топтамасын насихаттау;

Алтын адам туралы аңыз

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні   Елбасымыздың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқау болған «Алтын адам туралы аңыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына арнайы 6 сынып оқушылары шақырылды.

Іс-шараның мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып, егжей -тегжейлі түсіндіру. Оқушыларды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету, Алтын адам туралы алғашқы түсінік беру,
тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру,отансүйгіштік,елжандылыққа тәрбиелеу.

Ұлы даланың ұлы есімдері

2018 жылдың  12 желтоқсан  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары,мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: атақты тарихи,ел билеген тұлғаларымызды,ақындарымыздың құрметіне ескерткіш- мүсіндер қою;

Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

«Приозерск қалалық  кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың  6 желтоқсан күні  Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында  «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға  мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Мақсаты: әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

“Тарихи сананы жаңғырту үшін терең тарихыңның болуы хақ. Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы – бүгінгі уақыт кеңістігінде біздің рухани тірегімізді одан әрі бекітуге, әлемге паш етуге аса қажет тұстарды айқын бағамдаған құнды құжат. Расымен, Еуропа халықтары өздерінің көне дәуірімен әлемге мақтанышпен қарайды. Бізде барша халықтың алдында, өз дәуірінде өзгеге үлгі болған, өзіндік мәдениеті мен өмір сүру салтын қалыптастырған көне түркілердің ұрпағы екенімізді мақтанышпен айта аламыз.

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.

Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды.  Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып  келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.

Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.