«Ұлы даланың тарихы»

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  оқу залында  2019 жылдың 11 сәуір күні Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың тарихы»  атты танымдық сағат  ұйымдастырылды.  Іс-шара «№1 жалпы  орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларымен өтті.

Мақсаты: ұлы даланың тарихымен оқырмандарды қайта қауыштырып, қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту.

Танымдық сағат Қазақ елінің тарихымен басталып, Елбасының өмірбаянымен жалғасын тапты. Оқырмандарды Қазақстанның ұлы тарихымен, еліміздің ұлы тұлғаларымен, көрнекті қайраткерлерімен таныстырып, осы күнге дейінгі тарихымызға шолу жасалынды.Оқушылар мақалаға байланысты өз ойларын білдіріп барлығы да бұл бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

 «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесіне қойылған пайдалы да мазмұнды кітаптарға шолуымен аяқталды.

 

1 2 3